(727) 320 10 10
Написать нам

KZ -  RU
Радио жайында

 

1998 жылы АВТОРАДИО-ның негізі қаланды. 1999 жылы 5-ші ақпанда эфирге алғашқы хабар шықты. Әу баста Алматы мен Алматы облысының тұрғындары АВТОРАДИО-ны ести алған. Арада 13 жыл өткенде, АВТОРАДИО республикалық деңгейде тарала бастады. Енді біздің станцианы Қазақстанның 17 қаласы тыңдайды.

АВТОРАДИО-Қазақстан — нағыз ұлттық өнім. Барлық жобалар, науқандар мен музыкалық хабарлар Алматыда жасалады. «Радио твоих дорог» деген ұран көптеген тыңдарманның құлағында жатталды.

АВТОРАДИО-АВТОРАДИО-Қазақстанның аудиториясы кең ауқымды. Қазақстандағы әрбір екінші автокөліктен АВТОРАДИ-Қазақстанның үні шығады. АВТОРАДИО-Қазақстанның негізгі тыңдармандары — 25-45 жас аралығындағы ер адамдар. Өткен жылдардың хитке айналған сүйікті әндері радиомыздың негізгі форматына жатады. Сондай-ақ ресейлік танымал орындаушылардың туындылары мен әлемдік саз толқында шырқалады.

Қатарынан бірнеше жыл АВТОРАДИО-Қазақстанда ел сүйіп тыңдайтын танымал жобалар жүріп жатыр.

 

2013 жылы наурыздың 1-де АВТОРАДИО-Қазақстанның ақпарат қызметі құрылды. Біздегі жаңалықтардың жеделдігіне бір де бір өзге радиостанция ілесе алмайды. Журналистеріміз таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін маңызды ақпараттарды жинақтап дер кезінде эфирге шығарады. Сондай-ақ, әрбір жарты сағат сайын АВТОРАДИО-Қазақстан республикалық жолдардан маңызды ақпараттар таратады.

 

Биылғы жылдың көктем мезгілінен бастап АВТОРАДИО-Қазақстанда танымал жүргізуші Евгений Жагалтаевтың «Persona CONTRA» атты бағдарламасы эфирге шыға бастады. Күнделікті сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін ол тыңдармандармен сұхбаттасып өзекті тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітеді. Үш ай аралығында радио-шоу қазақстандық рейтингінің үздік ондығына енді.

 

Қымбатты тыңдарман қауым, біз сіздердің әрқайсысыңызды бағалаймыз! Сіздердің жайлылғыңыз үшін күн-түн демей жұмыс істейміз.

 


Жоладарыңыз ашық болғай!
Сәт сапар! Ізгі тілекпен, Авторадио-Қазақстан.